Гонконгтің Тай По ауданындағы тұрғын үй кешенінде шыққан жойқын өрт салдарынан қаза тапқандар саны 83 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға бойынша белгілі деректер:
83 адам қаза болды, олардың қатарында 1 өрт сөндіруші бар. 76 адам жарақат алған, оның ішінде 11 өрт сөндіруші бар. Құтқару қызметі 50 шақыртуға әлі жете алмай жатыр. Әйел, қарт ер адам және бірнеше үй жануары эвакуацияланды. Кешендегі сегіз тұрғын блок шілде 2024 жылдан бері жөндеуде, ғимараттар бамбук құрылымдарымен және жасыл торлармен қапталған. Өрттің жылдам таралуына жөндеу кезінде қолданылған жанғыш пенополистирол себеп болғаны хабарланды. Үкімет өрттің нақты себебін анықтау үшін қылмыстық тергеу бастады. Жөндеу жұмыстарын жүргізген компанияның екі директоры мен кеңесшісі ұсталды. Оларға абайсызда кісі өлтіру бабы бойынша айып тағылған. Сондай-ақ 330 млн гонконг долларына жасалған жөндеу жұмыстарына қатысты сыбайлас жемқорлық тергеуі жүріп жатыр. Полиция сондай-ақ кешенді басқаратын басқарушы компания кеңселерінде тінту жүргізуде. Үш 31 қабатты ғимараттың жоғарғы қабаттарында өрт әлі жанып жатқанымен, жалын жалпы бақылауға алынған. Ауруханаларда 56 адам ем алып жатыр, 45 адам ауыр халде жатыр. 300-ге жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Өрт сегіз көпқабатты үйдің жетеуінде ауыздықталды, бірақ үш ғимараттың үстіңгі қабаттарында әлі жанып жатыр Өртті сөндіру үшін 28 құтқару тобы жұмыс істеп жатыр.Құтқару жұмыстары тоқтаған жоқ. Билік өрттің неден басталғанын және жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталған-сақталмағанын анықтап жатыр.