АСТАНА. 9 мамыр. Испанияның Севилья қаласында Airbus A400M әскери-тасымалдау ұшағы Coca-Cola зауытының үстіне құлады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Әуе кемесі аспанға көтерілгеннен кейін көп уақыт өтпей-ақ апатқа ұшыраған. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ жергілікті уақыт бойынша 13:00-де (Астана уақыты бойынша 17:00) Coca-Cola зауытының аумағына барып құлаған. Қазіргі таңда ұшқыш пен бортта қанша адам болғандығы туралы нақты мәлімет жоқ.
Airbus A400M жобасы 2003 жылы пайда болған. Ұшақтың құны – 25 млрд. еуро. Әуе көлігі 2011 жылы өндіріске шығарылғанымен, оны тұрақты пайдалану тек 2013 жылдан басталған.
Ұшақ экипажы 2-4 ұшқышты құрайды. Ал жолаушылар саны 120-ға дейін жетеді. Пайдалы салмақты жүгі – 37 тонна. Airbus Military компаниясы бұл көрсеткішті бір жылда бірнеше есеге көбейтуді жоспарлап отыр.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: ТАСС.