• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2015

Жанат Жақиянов кәсіпқой бокста 25 рет жеңіске жетті

260 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 мамыр. Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген боксшыларымыздың бірі Жанат Жақиянов кезекті жеңісіне қол жеткізді. Жеңіл салмақта сынға түсетін ол кеше түнде Аргентина боксшысы Гектор Роландодан басым түсіп, WBA International тұжырымы бойынша чемпион атанды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Жекпе-жек аса тартысты өтті. Алғашқы минуттардан-ақ тізгінді қолға алған Жанат үзіліске дейін қарсыласын бір мәрте нокдаунға жіберіп үлгерді. Дегенмен, екінші раундта Роландоның кебін өзі киіп, нокдаунға түсті. Төртінші раундта тартысқа толығымен бақылау жүргізген қазақ боксшысы аргентиналықты тағы бір есеңгіретіп алды. Жекпе-жектің келесі бөлігінде Роландоның қарсылық көрсетуге еш шамасы болмады. Ал алтыншы раундта Жақиянов қарсыласын нокаутқа жіберді. Бұл – отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 25-жеңісі. Соның ішінде 18-ін нокаутпен аяқтады. Бір мәрте қарсыласына есе жібергенін айта кетейік. Өз кезегінде Гектор Роландо осыған дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Яғни, бұл оның алғашқы жеңілісі. Қазіргі таңда кәсіпқой бокстан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде Жанат Жақиянов көш бастап тұр. Десек те, аталған тұжырым бойынша әлем чемпионы жапониялық Шинсуки Яманака екенін айта кетейік. Сондай-ақ, жерлесіміз Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) тұжырымы бойынша рейтингтік көрсеткіште үшінші орында келеді. Бұл тұжырымда әлем чемпионы атағына – Доминикан Республикасының өкілі Хуан Карлос Пайано ие. Жақияновтың промоутері Рикки Хаттон шәкіртінің алдағы уақытта осы әлем чемпиондарымен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін жеткізді. Еламан Қоңыр. Дерек: vesti.kz. Сурет: vringe.com.