• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс 03 Желтоқсан, 2025

Атыраудағы ірі құрылыс жобаларының тұсаукесері желтоқсанда өтеді

60 рет
көрсетілді

«Техол» компаниялар тобы Атырау қаласын жаңғыртуға бағытталған бірнеше ауқымды жобаның тұжырымдамасын жуырда көпшілікке таныстырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл соңына қарай холдинг басшысы Шота Абхазава бұрын жариялаған итальяндық сәулетшілер әзірлеген Атырау трансформация жобасының тұжырымдамасын ұсынады.

Petro_Council арнасының хабарлауынша, Атырауда жүзеге асырылуы мүмкін бірқатар ірі нысанның алдын ала жобалары белгілі. Олардың қатарында:

Бұрынғы «Ақ-Жайық» қонақүйінің орнына салынатын көпфункционалды кешен; Самал шағын ауданында бой көтеретін ірі сауықтыру-емдеу орталығы; Әуежай маңында Formula-1 жарыстарын өткізуге арналған кәсіби автодром және оған іргелес инфрақұрылым бар.

Алдын ала ақпарат бойынша, бұл жобалардың ресми таныстырылымы желтоқсан айының екінші жартысында өтеді.

Соңғы жаңалықтар