АСТАНА. 9 мамыр. Құрама Штаттарда мұсылман судьяға ерекше істі қараудың орайы келді – егіз баласына әкесінен алимент алуға ниеттенген әйелдің перзенттерін ДНК тесті бойынша тексере келгенде, олардың екеуінің екі түрлі еркектен пайда болғаны анықталды. Бұл туралы The Daily Mail хабарлады.
Егіз балалардың әртүрлі әкеден пайда болуы сияқты сирек кездесетін құбылыс гетерпатереналды суперфкундация деп аталады. Басылымның мәліметі бойынша, 1997 жылы жүргізілген алимент алу жөніндегі талап-арыздың әрбір 13 мыңыншысында осындай дерек тіркелген.
Физиологиялық тұрғыдан келгенде, егіздердің табиғи жағдайда әртүрлі әкеден пайда болуы тек әйел екі еркекпен өте қысқа мерзім аралығында (бірнеше күнге дейін) жыныстық қатынасқа барып, екі жұмыртқа клеткасының ұрық беруші болып шыққан жағдайында ғана мүмкін болып табылады. Атап өту керек, жануарлар арасында мұндай құбылыс адамдарға қарағанда жиірек кездеседі екен.
Осы өзгеше істі қараған Нью-Джерси штаты Пассаик округінің судьясы Сухайл Мухаммадқа архивтен біраз жылғы сот тәжірижесін ақтарып қарап шығуға тура келді. Осының нәтижесінде ол әртүрлі әкеден райда болған егіздердің 2 дерегіне кезікті. Бұл жолы сол құбылыстың орын алғанына көзі жеткен судья істі қарау қорытындысында жауап берушінің өзі биологиялық әкесі болып табылатын балаға ғана алимент төлейтіні туралы шешім шығарып берді.
Судья Сухайл Мухаммад – тегі үнді мұсылман. Ол әуелі инженер мамандығын алып шығады, сосын заңгер болуға бет бұрады. Ал адвокат болып жүрген кезінде, 2011 жылы 11 қыркүйекте болған атақты лаңкестік оқиғасына байланысты негізсіз ұсталған ондаған мұсылманның мүддесін қорғаған.
Құрыш Нұрымбет.
Дерек, сурет: The Daily Mail.