• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Мамыр, 2015

Ақтөбеде сырнайшылар фестивалі болды (фото)

320 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 11 мамыр. Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағында облыстық халық шығармашылығы үйі, сондай-ақ, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Шырқа сырнай, әуелеп!» атты облыстық сырнайшылар фестивалі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа сұрапыл соғыстағы жауынгердің ерлігі мен батылдығын жеткізу, олардың өмірінің құрметке лайық екендігін насихаттау және еліміздің тарихын біліп, тануға бейімдеу болып табылады. Фестивальдің ашылу салтанатына облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұқан қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өнер мерекесіне жас ерекшеліктері 10-65 аралығындағы облыстың Алға, Мәртөк, Темір, Қобда, Әйтеке би, Ырғыз аудандарынан және Ақтөбе қаласынан 25-тен астам сырнайшылар қатысты. Сондай-ақ, қалалық музыка мектептерінің, орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен кәсіби және әуесқой музыканттары өз өнерлерін ортаға салды. Саябағының сахнасынан соғыс жылдарындағы әндермен қатар әскери және патриоттық тақырыптағы туындылар шырқалды. Мерекелік бағдарламада жеке орындаушылармен қатар Ақтөбе қалалық «Геолог» мәдениет үйінің «Асыл әжелер» халықтық ансамблі, Алға аудандық балалар өнер мектебінің орыс халық аспаптар ансамблі және тағы басқалары өнер көрсетті. Сырнайшылар фестивалі көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады Қатысушы өнерпаздар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.