• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2010

АЛЫП КЕМЕНІҢ ДҰРЫС БАҒЫТЫ

560 рет
көрсетілді

Тарих толқынында әр халықтың алатын орны оның маңдайына бітетін біртума тұлғасы – көшбас­шысымен тығыз байланысты екені мәлім. Болмысынан өрлік пен бостандықты ту еткен көшпе­лі­лердің рухынан бастау алған, ұлан-ғайыр мекенін ұрпағына мұра ету жолында жанқияр­лық ерлік көрсет­кен ата-ба­ба­ларымыз ел тізгінін нық ұстап, қазақ ұлтының атын асқақта­тып, ғасырдан-ғасырға ұра­нын асыра алып келді.Замана тіз­бегінің алуан алмасқан сәтте­рін басынан өткізіп, тауқыметі зор ғұмыр кешкен халқымыз­дың тарих қойнауына өткен сара жолына үңілсек, жаугер­шілікке қарсы тұрған байырғы заманда аты аңызға айналған батыр-ларымыз жеңіс туын желбірет­се, олардың жеңісін Елбасымыз бүгінде бейбіт күннің май­данында жалғас­тыруда. Ата-бабаларымыз арман­даған ел егемендігіне қол жеткізіп, дербес мемлекет құру жолындағы Елбасы­ның ерен еңбегі ақталып, еліміз жаңа дәуірдегі өркениетті елдер қа­тарынан лайықты орын алуда. Кешегі одақтық республи­калар ара­сында бүгінде Қазақ­станның эко­номикалық-саяси дәрежесі жөнін­де шоқтығы биік тұрып, халықара­лық сах­нада зор бедел-ге ие бо­луының сыры – ел басына төнген түр­лі ауыртпа­лық шақтарда Елба­сының қайсар саясат­керлік танытып, Қазақстан атты алып кеменің бағытын дұрыс таңдай білуінде. Тәуелсіздікке қол жеткіз­ген қысқа мерзім ішіндегі Ел­басының бастауымен еліміздің өткен жолда­ры мен жетістік­тері тарих беттері­нің алтын парақтары болып қал­мақ. Алғашқы Конституция­мыз­дан-ақ дүние жүзіне демо­кратия жолын таңдайтыны­мызды жария еттік. Еліміз өтпелі дәуір эконо­микасының шырғалаң соқпақтарын игеріп, нарық заманының қатал шарт­тарына сай тұратын дәрежеге жетті. Елбасының ынтасымен осы қиын-қыстау жылдар қой­науында Астана атты көрікті шаһарымыз дүниеге келді. Қазір әлемде Астана аты бей­бітшілік пен бірліктің жаршы­сы ретінде танымал. Дүние жүзінде ұлтаралық қайшылық­тар шиеленісіп, конфессиялар қақты­ғысы орын алып жатқан кезеңде Қазақстан өзін бірлік пен татулық­тың үлгісі ретінде танытып, әлем қауіпсіздігі мен жалпы адамзаттық ынтымақ үшін зор үлесін қосуда. Бүгінгі таңда Қазақстан­ның индустриялық-иннова­ция­лық дамуға бетбұрыс жасап, білім-ғылым-ақпарат жолын таңдауы – өскелең ұрпақ үшін сенімді бола­шақ тудырары анық. Қазақстанның қай өлкесін алсақ та экономика­лық-әлеуметтік жандану үстінде, республика­ның түкпір-түкпірінен естілген өндірістің өркендеуіндегі жетістіктер – Елбасы саясатының әлемдік дағдарыс атты кезекті зауалға қатқан лайықты жауап-жобасының орындалу көріністері. Жаңа дәуірде ұлтымыздың рухы, зердесі мен мәдениеті асқақ тұрып, ел экономикасы­ның дүние жүзі елдері ара­сындағы бәсекелес­тік бәйге­сін­де алдыңғы орындардан та­былуы жолындағы игі жоспар­ларды жүзеге асыруда халқы­мызға бейбіт өмір, саламатты денсаулық, табиғат пен қоршаған ортасының қауіп­сіздігін қамтамасыз етуде Елбасының еңбегі орасан. “Адамның денсаулығы – экономиканың қозғаушы күші” –деген адамзаттық прогрестік даму қағидасын негізге ала отырып, Елбасы­ның ынтасымен ұлттық меди­цинамызды әлемдік деңгейге көтеру мақсатымен елімізде теңдессіз шаралар жасалуда. Астанамыздың сол жаға­лауында Ұлттық медицина хол­дингінің негізінде меди­циналық кластер жүйесі бой көтеріп, білім мен ғылым із­деушілерге Назарбаев университеті есігін айқара ашты. Бұл жетістіктер халқымыздың ел шеңберінде емделіп, денсау­лығын ны­ғайтуына зор мүмкіндік сыйлап, жас ұрпаққа шетелмен бәсекеге сай білім көзінен нәр алдырмақ. Сау және білімді ұрпақ – өніп шыға­тын алтын дән, еліміздің ертеңі. Еліміздің денсаулық сақтау саласын өмірінің мәніне ай-налдыр­ған халық денсаулығы сақшыла­рының атынан “Ұлт байлығы – денсаулық” сала-сын көркейтуде Елбасының көрсеткен қолдауы мен қам-қорлығы үшін ықыласымды білдіремін. Еліміздің өрке­ниетті өрлеу жолындағы асқан асулары мен бағындырған бе-лестерінің, ауқымды жетістік­терінің болашақ­тағы қары­мына сенімім мол. Нұрсұлтан Әбішұлын 70 жастың кемеліне келуімен құт-тықтай оты­рып, “Ел тағдыры – ер тағдыры” ұранымен ел­дің бейбіт, берекелі, шадыман ғұмыры жолында халықпен біте қайнасқан еңбегі мен үлгі-өнегелі өмірінің шапағаты жас ұрпақтан сабақтастық тауып, жарқын болашақта еліміздің еңсесі биіктей түсіп, жасампаздығы арта берсін деген шынайы тілегімді жолдаймын. Төрегелді ШАРМАНОВ,  академик.