• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Мамыр, 2015

Елбасы Иран президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті

294 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 мамыр. Мемлекет басшысы Иран президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Хасан Рухани Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы жеңісімен және қызметіне кірісуіне байланысты құттықтады. Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан-Иран серіктестігінің басым бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы саяси диалог пен жемісті өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Бұдан бөлек, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту мәселелері әңгімеге арқау болды. Иран президенті екі ел арасындағы сан ғасырлық достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас алда да Қазақстан мен Иранның достас халықтарының мүддесіне игі қызмет ете беретініне сенім білдірді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.