ҚАРАҒАНДЫ. 11 мамыр. Қарағандыда жан түршігерлік адам өлімі болды. Мамырдың 9-ы күні қаладағы мектептердің бірінің ауласынан бөлшектеніп тасталған жас келіншектің денесі салынған шабадан табылды. Бұл туралы «Новый вестник» хабарлады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұлайша жантәсілім еткен әйелдің кім екенін тез тапты. Ол қаланың 25 жастағы тұрғын Аяулы Сүлейменова болып шықты.
Мұның алдында, 6 мамыр күні туған-туыстары әлеуметтік желі арқылы оның жоғалып кеткені туралы хабарлап, көмект көрсетуді сұраған екен. «Туыс қызымыз жоғалып кетті. Оны біреулердің қамауда ұстап отырғаны жөнінде мәлімет бар. Бірақ оның қазір қай жақта екенін және не үшін ұстап отырғандарын білмейміз. Бізге көмекке келе алатын ерікті кісілер керек. Көлігі болса тіпті жақсы, іздеуге қатысты кез келген жәрдемді қабылдаймыз», - делінген WhatsApp желісімен таратылған хабарламада.
Келіншекті өзімен бірге пәтер жалдап тұрған жігіт 1995 жылғы Е.А.Траев есімді жігіт соңғы рет тірідей көрген делініп отыр. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің болжамдары бойынша, марқұмның өліміне себепші болған да сол болуы мүмкін. Ал өлген қыздың туыстары оны Аяулының өліміне қатысы бар деп санайды.
Басылымның хабарлауынша, Сүлейменованың пәтерінен өзінің пайыздық үстемемен қарызға ақша алған адамдарының тізімі табылды.
Қазір қылмыстық істің мән-жайы анықталып жатыр.
Кейбір ақпарларға қарағанда, Аяулының артында кішкентай ұлы қалған.
Айқын Несіпбай.
Дерек, сурет: Новый вестник.