• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Наурыз, 2015

Түрмеде 39 жылын жазықсыз өткізген адам 1 млн. доллар алады

257 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 наурыз. Құқық қорғау орындарының қателігінен 39 жыл бойы адам өлтірді деген айыппен түрмеде отырған Огайо штатының (АҚШ) тұрғыны мемлекеттен өтемақы ретінде 1 млн. АҚШ долларын алатын болды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады. Қазіргі таңда 59 жасқа келген Рикки Джексон мен тағы екі ер адам 1975 жылы адам өліміне қатысты деп сотталған. Ол кезде Джексонның жасы 19-да еді. Қылмыстық іске қатысты тек бір ғана куәгер болған. Ол – 12-жасар бала. Алайда 40 жыл өте келе, ол қылмыс жасалған уақытта мектеп автобусында болғаны анықталған. Сондай-ақ, Джексонмен бірге сотталған екі кісі де бостандыққа шықты. Олар да өтемақы алады деп күтілуде. Жолдыбай Базар. Дерек: «Хабар» телеарнасы. Сурет: ntv.ru.