• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Мамыр, 2015

Аляска мен Гавай аралдары АҚШ-тан бөлініп шыққылары келеді

1195 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 мамыр. Құрама Штаттар құрамындағы Аляска түбегі мен Гавай аралдарының халықтары тәуелсіздік алуға әрекет етуге көшті. Бұл туралы ТАСС хабарлады. «Аляска мен Гавай аралдарының байырғы халықтарының өкілдері әлем қауымдастығына өздеріне еркіндік құқығы берілуін қамтамасыз етуді сұраған хат жолдады», - делінген хабарламада. Оны бұлар Құрама Штаттардың бір кездері өз жерлерін «заңсыз аннексиялауымен» және «басып алуымен» түсіндіреді. Женевада таратылған мәлімдемеде абориген халықтар өкілдері бұл мәселені Біріккен Ұлттар ұйымына мүше елдердің БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесінде қарауын сұраған. Аляска тұрғындары тәуелсіздікке бейбіт жағдайда - Біріккен Ұлттардың тетіктері арқылы, Аляска мен Гавай аралдарында өзін өзі анықтау жөнінде референдум өткізу жолымен қол жеткізгілері келеді. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: ТАСС.