• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2015

Павлодардағы соғыс ардагері Ханафия Асқаровтың 40 шөбересі, 3 неменесі бар

493 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 12 мамыр. Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері Ханафия Асқаровқа «Найзатас» әдеби журналының мерекелік номері мен ақшалай сыйлық берілді.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ханафия ата 1939 жылы әскерге шақырылып, майданға аттанды. Финляндия және Жапонияға қарсы соғысқа қатысады. Соғыстан кейін 40 жыл мұғалім болды. Ханағаң ақсақал 16 перзент көрген. Қазір балаларының жетеуі тірі.  Солардан 25 немере, 40 шөбере, 3 немене бар.  Яғни, 12 күйеу бала, 21 келін түсірген екен. Әулетінен 108 адам тарап отыр. Ханафия Асқарұлы 87 жасында қажылыққа барып қайтты. Дүниежүзі қазақтарының үш рет өткен Құрылтайына қатысты. Өлкетанушы, «Ертіс өрендері», «Алаш зиялылары» және «Даналық, тектілік, әулиелік әлемі» туындыларының авторы. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz Сурет: Светлана Воронова.