• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 29 Желтоқсан, 2025

Ауа райы бұзылып, екі облыста жол жабылды

10 рет
көрсетілді

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Бүгін, 29 желтоқсан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді:

Ұлытау облысы:

- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автомобиль жолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).

Қызылорда облысы:

- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін).

Жолды 2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Соңғы жаңалықтар