• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 05 Қаңтар, 2026

11 жастағы қыз бала канализацияға түсіп кеткен

31 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында 11 жастағы қыз бала даладағы дәретхана құдығына құлап кеткен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға Байзақ ауданы аумағында болған. Төтенше жағдай туралы хабар 112 пультіне түскен соң, құтқару бөлімшелері оқиға орнына жедел жеткен.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтың көмегімен қыз баланы абайлап шығарып алған.

Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін бала медициналық қызметкерлерге тапсырылып, тексеруден өтті және қажетті көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар