ҚОСТАНАЙ. 12 мамыр. Қостанай қаласында соңғы кездері адам жоғалу тоқталмай тұр. Осыдан бір жарым айдай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі Тобыл өзенінен табылды. Тағы екі жасты іздестіру жалғасуда. Жақын күндері тағы да бір қыз, бір жігіт жоғалып кетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мамыр айының бас кезінде Сарыкөл ауданында Дмитрий Кожевников деген жас жігіт хабарсыз кеткен. Туыстарының айтуынша, 25 жастағы жігіт ішімдік ішпейді, темекі шекпейді. Үйінен шығып кеткен, сол күйі оралмаған. Оның алдында ғана, 1 мамыр күні Жітіқара ауданында 17 жасар Нина Стафеева деген қыз бала да ұшты-күйлі жоғалған. Осы аудандағы Чайковский ауылының жас жігіттерімен орманға серуендеуге барған қыз қайтып үйіне оралмаған. Жанындағы жігіттердің айтуынша, түн ортасы ауа қыз тобынан бөлініп кеткен, сол күйі жоқ.
Қазір бұл екі адамның да дерегі табылмай отыр. Мұның алдында жоғалған жасөспірім Арлан Жүсіпов пен Светлана Кищенконы іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz