• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология 06 Қаңтар, 2026

6 отандық спутник экспортқа шығарылады

20 рет
көрсетілді

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі спутниктерді өндіру бойынша отандық кешеннің қуаттарын жүктеу бойынша жұмысты бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Алдағы жылдары жерді қашықтықтан әр түрлі түсіруші құрал-жабдықтармен жабдықталған әуелік және ғарыштық құрылғылармен бақылауға арналған кемінде 5-6 спутник шығарылады. Оның ішінде 75 миллион доллар сомасына экспорт жасау жоспарланып отыр. Бұл Қазақстан тарихында тұңғыш рет болады және еліміздің ең технологиялық экспорты болмақ», деді вице-премьер. Сондай-ақ еліміз 1 миллиард доллар болатын IT-қызметтерінің экспорт көрсеткішіне мерзімінен бір жыл бұрын қол жеткізуді көздеп отыр.   Ел азаматтары сапалы интернетпен қашан толық қамтылады?   Жаслан Мәдиевтің айтуынша, өткен жылы IT-нарықтың кірісі шамамен 2 триллион теңгені құраған. Бұл ретте Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай қызметтер экспортының 1 миллиард доллар көлеміне қол жеткізу міндетін қойды. Вице-премьердің мәліметінше, бұл көрсеткішке 2025 жылдың қорытындысы бойынша жетуі ықтималдығы бар. «Astana Hub – ІТ-саласының негізгі экожүйесі. Қатысушыларының саны 2000-ға дейін өсті. Олардың ішінде 25%-ы шетелдік компаниялар. Astana Hub стартаптары мен IT компаниялары қазірдің өзінде 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашты. Ал экономикаға салынған инвестиция сомасы 900 миллион доллардан асты», деді Жаслан Мәдиев. Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысында экономиканың барлық саласына заманауи технологияларды енгізу мәселесі де талқыланды. Пойыздар мен ұшақтарда Starlink деңгейіндегі интернет пайда болады
Соңғы жаңалықтар