АСТАНА. 12 мамыр. Шетелдерде тұратын америкалықтардың АҚШ азаматтығынан бас тартушылығы биыл рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы «Российская газета» хабарлады.
АҚШ ішкі салық қызметінің ресми статистикасы бойынша, тек 2015 жылдың бірінші тоқсанында ғана 1,3 мың америкалық азаматтықтан шығу жөнінде арыз жазған.
Бұлайша азаматтықтан бас тартушылар санының күрт өсуіне әкімшіліктің шет елдерде жүрген өз азаматтарының табыстарын анықтауға бағытталған салық саясатының қатаңданып кеткені себеп болып отырған сияқты. Атап айтқанда, 2010 жылы қабылданған заң әлемдегі барлық банктарды АҚШ азаматтарының есепшоттары мәліметтерді Америка өкіметіне ұсынып тұруға міндеттейді. Ал бұл талапты орындауға шамамен 110 елдегі қаржы институттары өз келісімдерін берген екен.
Барак Обама әкімшілігі бұл заңды «салықтан жалтарумен күрестің халықаралық стандарты» деп бағалады. Алайда, шет елдерде тұратын көптеген америкалықтар мұны шектен шыққан шара ретінде қабылдап, қатты сынға алып отыр.
Құрыш Нұрымбет.
Дерек, сурет: Российская газета.