• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 14 Қаңтар, 2026

Алқынбайтын альпинист

Түркиялық альпинист Левент Коч әлемдік рекорд орнатты. Ол кейінгі үш жылда ең көп шың бағындырған спортшы атанып отыр.

Альпинист 2023 жылы – 81, 2024 жылы – 101, ал былтыр – 70 шыңға шыққан. Бұл – үш жылдың өзінде 252 шың деген сөз. Спортшы осы жетістіктің өзін місе тұтып отырған жоқ. Жақында ғана Әзербайжандағы Шаһдаг тауына көтеріліп, Нахчыван автономиялық республикасындағы Хачадаг шыңын да бағындырған. Сондай-ақ Грузиядағы Қазбек пен Ирандағы Дамаванд секілді биік тауларға экспедициялар ұйымдастырған.

 

Соңғы жаңалықтар