АСТАНА. 12 мамыр. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының 22 жасар тұрғыны «ақылды» Apple Watch сағатын сатып алу үшін беру үшін кішкентай ұлы мен өзінің жанын сатқан. Бұл туралы Reuters хабарлады.
«Америкалық Джейсон Аренас (Jason Arenas) Craigslist сайтына ұлы мен жанын сататыны туралы хабарландыру орналастырған. Хабарламада ұлының «еңбекқор» екені және «тамақты көп жемейтіні» айтылады. Әкесі 4 жастағы баласы мен өзінің жанын 500 доллар қолма-қол ақшаға бағалаған», - делінген хабарламада.
Сайтқа қатысушылар хабарламаны көрген бойда полицияға хабарлаған. Өз кезегінде тәртіп сақшылары Аренас мырзаның үйіне тез жетіп келеді. Бірақ кешігіп қалыпты. 22 жасар алаңғасар жігіт ұлын да, жанын да сатып қойғанын мәлімдейді. Полицейлер бірнеше сағаттан кейін бөбекті тауып алыпты. Ал жанды «көре алған» ешкім болмаған.
Құқық қорғаушылар Джейсон Аренасты бала сату айыбы бойынша бірден қамауға алды.
Құрыш Нұрымбет.
Дерек, сурет: Reuters.