• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2015

Өзбекстан шекарашылары шекарада қырғыз азаматын атып өлтірді

237 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 мамыр. Бүгін Өзбекстан шекарашылары шекарадан көкөніс пен жеміс-жидек алып өтіп бара жатқан Қырғызстан азаматтарына қарай оқ атып, бір адамды атып өлтірді. Бұл туралы АКИpress хабарлады. «12 мамыр күні мемлкеттік шекараның қырғыз-өзбек учаскесінде инцидент орын алып, оның барысында Қырғызстан азаматы қаза тапты, тағы бір азаматты Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметі шекара әскерлерінің әскери қызметкерлері қамауға алды», - делінген агенттік хабарламасында. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға мемлекеттік шекараның Баткен облысы Баткен ауданы Согмент елді мекенінің шетіндегі әлі келісімге келмеген Қақыр деген жерінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Қырғызстанның үш азаматы «Мерседес Бенц Гигант» жүк автокөлігімен Өзбекстан жерінен Қырғызстанға қарай өткізілім бекетінен тыс аумақтан көкөніс пен жеміс-жидек алып өтпек болған. Өзбек жағының ақпарына қарағанда, Қырғызстан азаматтары Өзбекстан шекара жасағының тоқтау жөніндегі талаптарына бағынбаған. Содан кейін өзбек шекарашылары Қырғызстан азаматтарына қарсы қару қолдануға мәжбүр болады. Нәтижесінде Қырғызстанның бір азаматы жарақат алып, Өзбекстанның Сох қишлоғындағы ауруханаға түседі. Кейін сол кеселханада көз жұмады. Тағы бір азаматты өзбек шекарашылары қамауға алады. Ал үшінші азамат ұстатпай, қашып кетеді. Қазір өзбек жағы Қырғызстанның қолға түскен азаматына қатысты тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен бірге Өзбекстанға қарайтын Сох анклавы территориясында Қырғызстан мен Өзбекстан шекарашыларының өкілдері аталмыш инциденттің себептері мен ахуалын анықтау үшін кездесу өткізуде. Құрыш Нұрымбет. Дерек, сурет: АКИpress.