Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қ.Сұлтанов Мемлекет басшысына Мәжілістің заң шығару жұмысының бірқатар бағыттары және негізгі заң жобаларының қаралу барысы, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қ.Сұлтановты 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және бұдан арғы жұмысына табыс тіледі.
•
13 Мамыр, 2015
Елбасы қабылдады
244 рет
көрсетілді