• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2015

Жарқын жеңісімен құттықтады

249 рет
көрсетілді

Елбасының атына халықаралық ұйымдардың басшыларынан, біздің еліміз бен шет мемлекеттердің дипломатиялық, іскерлік топтары мен білім саласы өкілдерінен, сондай-ақ, Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі тұрғындардан құттықтаулар келіп түсуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Монако Князі II Альберден құттықтау жеделхаты келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. II Альбер Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Елдеріміздің арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайту үшін менің қандай күш-жігер жұмсап отырғаным Сізге мәлім. Биік миссияңызды атқару барысында Сіздің барынша табысты болуыңызға деген шынайы тілектестігімді білдіруге рұқсат етіңіз», – делінген жеделхатта. * * * Халықаралық әлеуметтік қамтамасыз ету қауымдастығының бас хатшысы Х.-Х.Конколевски ұйымның 160 елден өкілдік еткен мүшелері атынан Қазақстанның әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін нығайту бағытындағы маңызды қадамдарын құптайтынын айтты, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың жауапты қызметіне табыс тіледі. Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТүркСОЙ) бас хатшысы Д.Қасейінов Қазақстан халқы сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың елді тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ елдегі келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған саясатын бағалай отырып таңдау жасағанына назар аударған. Франция Сенатының бұрынғы төрағасы К.Понселе Нұрсұлтан На­зар­баевтың басшылығымен Қазақстанның қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын жалғастыратынына сенім білдірген. Әзербайжанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі П.Бюльбюльоғлы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан хал­қының көрсетіп отырған сенімі Мемлекет басшысының еңбегінің қалтқысыз мойындалуы екенін атап өткен. «Сізге тән ерен қасиеттер бүгінде Қазақстанның алдында тұрған одан әрі даму мақсаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге септігін тигізетініне күмәнім жоқ», – деп жазады автор. Кезінде біздің елімізде де жұ­мыс істеген Қырғызстанның Түрік­мен­стандағы Төтенше және өкілетті елші­сі Ж.Рүстенбеков Қазақстанның халық­аралық аренадағы беделінің өскенін және сыртқы саяси қызметінің Орталық Азия өңірінде де жандана түскенін атап өткен. «Сіздің Отан игілігі жолындағы қа­жырлы еңбегіңіздің, сындарлы әрі көреген саясатыңыздың арқасында бауырлас Қазақстан ел өмірін әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан түбегейлі жаңғырту ісінде тамаша табыстарға жетті, өңірде маңызды геосаяси функцияға ие болды», – делінген хатта. Қазақстанның Сербиядағы құрметті консулы Нұрсұлтан Назарбаевтың Пре­зидент сайлауындағы жеңісі жүргі­зіліп жатқан саясатты ел халқы қолдай­ты­нының даусыз айғағы екенін атап өткен. «Қазақстанның тұрақтылығы бүкіл Орталық Азияның тұрақтылығын біл­діреді. Сіздің басшылығыңызбен респуб­лика өз болашағы үшін ғана емес, көрші елдер үшін де шешуші қадамдар жасап жатқанына сенімдімін», – делінген құттықтауда. София қаласындағы химия технологиясы және металлургия университетінің басшылығы мен академиялық қоғам­дас­тығы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақ­стан Президенті болып сайлануымен құттықтады. «Біздің университет пен Қазақстан жоғары оқу орындары арасында пайдалы байланыстар орнатылған. Осы іскерлік, достық және кәсіби қарым-қатынастар бірлескен ғылыми және оқытушылық жұмыс туралы қол қойылған шарттарда көрініс тапты. Сіздің алған біліміңіз бен алғашқы кәсіби қызметіңіз металлургиямен тығыз байланысты екенін біз білеміз, бұл біз үшін мақтануға себеп бола алады», – делінген хатта. Беларусь Ұлттық ғылым акаде­мия­сының президиум төрағасы В.Гусаков елдің ғылыми жұртшылығының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан На­зар­баевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен риясыз көңілден құттықтаған. «Сізге және Қазақстан халқына елді орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту саласында бұдан әрі де табысқа жете беруді тілеймін, сонымен қатар, қа­зақ-беларусь қарым-қатынастары ғылым, технология және инновациялар саласында табысты дамиды деп үміттенемін», – деп жазады автор. Caspian European Club мүше ком­па­ниялардың басшылары мен Caspian Energy International Media Group оқырман аудиториясы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңі­сі­мен құттықтап, мықты денсаулық және Қазақстанның игілігі жолындағы қыз­метіне табыс тіледі. Жетісу казактары одағының мүше­лері, Ақсақалдар кеңесі, атамандық бас­қармасы елдің болашағын тек Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ғана көзге елестете алатындарын атап өткен. «Біздің мемлекетіміз қуатты әрі өр­кендеп келе жатқан елге айналды. Бізді дүниежүзі біледі және сыйлайды. Сіздің «Қазақстан-2050» Стратегияңыз бен «Нұрлы Жол» бағдарламаңыз еліміздің бақ-берекесінің кепілі болып саналады. Біз әрқашан Сізбен біргеміз және Сізді қолдаймыз», – деп жазады авторлар. «ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігінің мүшелері өткен сайлауда халқымыз ел өміріндегі оң өзгерістерді лайықты баға­ла­ғанын атап өткен. «Бұл таңдау – Қазақстанның тұрақты әрі орнықты дамуы үшін жасалған таң­дау, бұл халқымызға мәңгілік мемлекет құру үшін қол жеткен жетістіктерін сақ­тап, еселей түсуге мүмкіндік береді», – де­лінген хатта. Көптеген хаттар мен жеделхаттар Қызылорда облысынан – ардагер Ш.Құт­­тыбаевтан, журналист Ш.Дәр­маған­­бетовтен, Батыр ана Д.Жақ­сы­лы­қ­о­вадан, «Аралтұз» АҚ еңбек­кері К.Жол­мырзаевтан; Жалағаш ауданы­ның тұрғындары – тыл ардагері М.Шә­рі­пов­­тен, Қазақстан Жазушылар және Жур­­налистер одақтарының мүшесі Г.Әбілдадан, «Темірқазық» жастар қоғам­­дық бірлестігінің төрағасы Е.Бақ­бер­ген­ұлынан, «Сәрке батыр» шаруа­шы­лығының басшысы Н.Демеуов­тен, кәсіпкер А.Махатовадан; Шиелі ауда­­нынан – Социалистік Еңбек Ері Ш.Қа­занбаевадан, ауданның құр­метті ардагері А.Сәрсенбаевтан, ау­дан­­дық әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Па­­лымбеттен, «Шиелі-Самғау» жас­тар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Ма­мановадан, А.Әбдіқадыровадан, Қы­зылорда қаласынан – қалалық ардагерлер кеңесінің басшысы А.Әбдібаевтан, «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г.Байұловтан, «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Мәстековтен, «Өзбек қоғамдық-мәдени орталығы» қо­ғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ха­ми­довтан, «Бабас» ЖШС директоры Н.Ер­мановтан, Д.Назаровадан келіп түсті. Құттықтаулар мен тілектер Астана қаласынан – бірінші сыныпты ұшқыш-инженер Н.Ақмұхановтан, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситетінің доценті М.Жақыптан, Оңтүстік Қазақстан облысынан Е.Мыңбаевтан, Тараз қаласынан – А.Дүйсенбековадан, Петропавл қаласынан – В.Поповтан, Ба­тыс Қазақстан облысы Зачаганск кенті­нен – Л.Покатиловтан, Астана қаласы №60 мектебінің 2-сынып оқушысы Ш.Ка­ренкиннен, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласынан мектеп оқушысы Н.Бектұровтан келіп түсті.