Француз экономикасындағы өнеркәсіптік сектордың іскерлік белсенділігінің индексі өз төмендеуін барған сайын күшейтіп келеді.
Markit сараптамалық компаниясының мәліметтері бойынша, Франция өнеркәсіптік секторындағы РМІ индексі сәуір айында 48 пункттік деңгейге дейін төмендеді. Ал наурыз айында бұл көрсеткіш 48,8 пункттік деңгейде болатын. Демек, құлдырау көрсеткіші барған сайын терең сипат алып келеді. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, РМІ индексі 50 пункттік деңгейден төмендеген тұста саладағы белсенділік барынша азаятын болады.
Осы жөнінде әзірленген баяндамада атап көрсетілгеніндей, Франция экономикасындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі төмендеуі осымен 11 ай бойы жалғасу үстінде. Соның ішінде сәуір айында құлдырау деңгейі барынша күшейе түскендігі анықталып отыр.
Өнеркәсіптік сектордағы жаңа тапсырыстар көрсеткіші 47,8 белгісінен 46 пунктке дейін төмендеген. Ал экспортқа жаңа тапсырыстар деңгейі 48,5 белгісіне 47,6 пунктік көрсеткішке дейін құлдыраған.
Markit сараптамалық компаниясының аға экономисі Джек Кеннеди осы оқиғаға байланысты түсініктеме жасады. Ол өз түсініктемесінде соңғы жолғы статистикалық деректерді негізге алды.
«Францияның өнеркәсіптік секторы өзінің айналым деңгейін барған сайын жоғалта түсуде. Біз жаңа тапсырыстардың неғұрлым төмендеуі екпінінде өндірістің күрт қысқарғандығын байқап отырмыз. Мұндай күрделі де кері ағым шығыстарды азайту және еуро бағамын одан әрі төмендету шараларына қарамастан, жалғасып қана қоймай, одан әрі күшейе түсуде. Аталған шаралар өнеркәсіпшілердің жағдайын жақсарту бағытында қолға алынған еді. Бірақ қазіргі күні ол шаралардың жағдайға ықпал ете алмай келе жатқандығын көріп отырмыз», деген өз түсініктемесінде Джек Кеннеди.