• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:05

«Microsoft»-пен мәмілеге келген

10 рет
көрсетілді

2003 жылы веб-дизайнға әуестеніп жүрген мектеп оқушысы Майк Роу «mikerowesoft.com» деген доменді тіркейді. Домен атауы дыбысталу жағынан «Microsoft» атауына өте ұқсас болғандықтан, корпорация оны тауар белгісін заңсыз пайдаланды деп сотқа береді.

Өтемақы ретінде компания бастапқыда небәрі 10 доллар – доменді тіркеуге кеткен ақшаны ғана ұсынады. Осы ұсыныс қоғамда үлкен наразылық туғызып, бұқаралық ақпарат құралдары Майктың жағына шығады. Қарапайым оқушы мен алып корпорация арасындағы тартыс жұртқа әділетсіз көрінеді. Ақыры іс сотқа жетпей шешіледі. Келісім бойын­ша Майк доменді «Microsoft»-қа береді. Ал ол оның орнына «Xbox» ойын құрылғысын, отбасымен бірге корпоративтік фестивальге жолдаманы, «Microsoft Certified Professional» бағдарламасы бойынша тегін курс алады.

 

Соңғы жаңалықтар