• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 08:15

Қазақ өнері – Доха сахнасында

20 рет
көрсетілді

Қатар мемлекетіндегі Қазақстан Республика­сының мәдениет күндері аяқталды. Іс-шара аясында Доха қаласының тұрғындары мен қо­нақтары еліміздің мәдени мұрасы, дәстүрлері мен заманауи өнерімен танысты.

Негізгі іс-шаралар Дарб әл-Сағи мә­дени-тарихи ор­та­­лы­­ғында өтті. Мұнда сән­ді-қол­данбалы өнер көрме­лері, ұлт­тық әрі заманауи ди­зайнерлік жұ­­мыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі­нің экспози­циясы ұсынылды.

Бағдарлама барысында ұлт­тық дәстүрлер мен спорт түрлері көрсетілді. Оның ішінде шетелдік көрермен садақ ату, құсбегілік және қа­зақтың тазы тұқымды итте­рі­мен, аңшылық өнері­мен, көшпелі өркениет мәде­ниетімен тереңірек танысты.

Көпшіліктің көңілінен шық­қан мәдени іс-шара­лар­дың бірі отандық өнерпаз­дардың қатысуымен өткен концерт болды. Атап айтсақ, «Mezzo» вокалдық тобы мен «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі әлемдік классика мен ұлттық музыкалық мұ­раны үйлесті­ріп, ерекше туындылар ұсынды.

Қатардағы Қазақстан мәде­ниет күндерінің ұйым­дас­тырылуы екі ел арасын­дағы мәдени диалогті ны­ғай­тып, отан­дық мәдениетті халықаралық деңгейде наси­хаттауға ықпал етті. Алдағы уақытта Қазақстанда Қатар Мемлекетінің мәдениет күн­дерін өткізу жоспарланған.

 

Соңғы жаңалықтар