• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Ақпан, 2026

Қырғызстан президенті Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босатты

30 рет
көрсетілді

Бүгін Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Министрлер кабинетінің төраға орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Қамшыбек Тәшиевті мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қамшыбек Тәшиев 2020 жылғы 16 қазанда Қырғызстанның ҰҚМК төрағасы болып тағайындалған еді. 

Қамшыбек Тәшиевпен қазіргі президент Садыр Жапаровтың көпжылдық қарым-қатынасы елдегі ең ықпалды әрі берік саяси одақтардың бірі ретінде бағаланып келді. Бұл ынтымақтастық олар билікке келгенге дейін, атап айтқанда 2010 жылдардың басында басталған. 2012 жылғы саяси оқиғаларға байланысты қылмыстық қудалауды бірге өткеруі олардың жеке әрі саяси сенімін нығайтқан негізгі фактор ретінде қарастырылады.

2020 жылғы қазан оқиғаларынан кейін бұл тандемнің мемлекеттік басқарудағы рөлі айқындалды. Садыр Жапаров президент лауазымына сайланса, Қамшыбек Тәшиев Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы болып тағайындалды. Осылайша, Ташиев елдегі ең резонансты істерді бақылап, қауіпсіздік саясатының негізгі бағыттарын айқындады және президент командасындағы ең сенімді тұлғалардың бірі саналды.

Қырғызстанда 17 жастағы қызды өлтірген күдікті тергеу изоляторында көз жұмды

Сарапшылар қауымдастығы бұл дуэтті ұзақ уақыт бойы елдегі ең мызғымас саяси жұп деп атап келді. Сондықтан Тәшиевке қатысты кез келген кадрлық өзгеріс билік жүйесіндегі елеулі трансформацияның белгісі ретінде қабылданатын.

Соңғы айларда саяси ортада ҰҚМК басшысының алдағы президент сайлауына қатысуы мүмкін деген қауесеттер тараған болатын. Алайда Қамшыбек Тәшиев бұл ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарып, президенттік сайлауға түспейтінін және Садыр Жапаровты қолдайтынын мәлімдеген.

Өз кезегінде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тәшиевті қызметінен босату шешіміне түсініктеме берді. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қадамның негізгі мақсаты – мемлекеттің бірлігін нығайту және қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы алауыздықтың алдын алу екенін атап өткен. Президенттің айтуынша, бұл шешім мемлекет мүддесін көздеп, елде тұрақты әрі үйлесімді саяси ахуал қалыптастыруға бағытталған.

Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босату туралы жарлық Конституцияға сәйкес қабылданған. Арнайы қызмет басшысының отставкасы ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі кадрлық өзгерістер аясында жүзеге асты.

Қазіргі уақытта ҰҚМК төрағасының міндетін уақытша Жұмғалбек Шабданбеков атқарып отыр.

Қырғызстан мигранттардың құқығын бұзғаны үшін Ресейді сотқа берді

Соңғы жаңалықтар