АҚТАУ. 26 наурыз. Маңғыстау облысында букмекерлік кеңсені тонаған жігіт ұсталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға Жаңаөзен қаласының «Шұғыла» шағын ауданында орналасқан букмекерлік кеңседе болған. Кеңсенің терезесін қиратып кірген белгісіз біреу, кеңседегі 300 мың теңге ақшаны жымқырып кеткен. Құқыққорғау қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Жаңаөзен қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталып, одан айғақ заттар табылған. Қазіргі таңда күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Гүлайым Шынтемірқызы
Дерек: egemen.kz.
Сурет: 3betlike.pro.