• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:48

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

10 рет
көрсетілді

Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы еркін бағдарламада топ жарып, 195.2476 ұпай жинады.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алған еді.

European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды
Соңғы жаңалықтар