«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 16 ақпан сағат 12:20-да ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ақмола облысы:
«Щучинск – Зеренді» тасжолының 0-77 шақырым аралығы (Щучинск қаласы – Зеренді ауылы); «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы); «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» тасжолының 232-304 шақырым аралығы (Щучинск қаласы – Көкшетау қаласы); «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» тасжолының 14-51 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы); «Көкшетау – Атбасар» тасжолының 0-184 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы Атбасар қаласы); «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» тасжолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы).Қай тасжолдарда қозғалыс шектелді?
Солтүстік Қазақстан облысы:
«Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 61-91 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Саумалкөл ауылы); «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» тасжолының 341-367 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы – Келлеровка ауылы); «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» тасжолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).«Жезқазған – Петропавл» тасжолында екі адам көз жұмды
Ұлттық компания жоғарыда аталған жолдарды 17 ақпан күні сағат 9:00-де ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.