• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:29

Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады

10 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында биыл төрт мыңға жуық тұрғыны бар сегіз ауыл орталықтандырылған газ құбыры желісіне қосылады. Олардың қатарында Әйтеке би ауданының Ақтасты, Жабасақ, Тымабұлақ, Мәртөк ауданының Полтавка, Ойыл ауданының Ақкемер, Ақшатау, Кемер және Қаракемер елді мекендері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен бірге Әйтеке би, Байғанин, Темір және Шалқар аудандарының төрт шалғай ауылында жаңа мектеп құрылыстары басталады. Сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы  №5, №17, №22 және №37 орта мектептері толық жөнделіп, материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Алайда, он жылдан бері жаңа білім ошағын талап етіп келген «Самара-Шымкент» тасжолы бойындағы Қалыбай ауылының өтініші бұл жолы да орындалмай қалды.

Алматы жылу электр орталықтарының толығымен газға көшірілетін уақыты белгілі болды

Былтыр он ауылда медициналық пункттер бой көтерсе, биыл төрт аудандық ауруханаға қосымша құрылыс салу жоспарланып, жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. Денсаулық сақтау мекемелерін жаңғыртуға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат желтоқсанда өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында нақтыланды.

Созақ ауданы табиғи газ желісіне қосылды

Айта кетейік, өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайтарылған активтер есебінен Ақтөбе облысына бөлінген 10 миллиард теңгеге 12 әлеуметтік нысан бой көтерді.

 

Ақтөбе облысы

Соңғы жаңалықтар