• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 17 Ақпан, 2026

Шымкентте газ құбырынан өрт шықты

20 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы «Базарқақпа» тұрғын алабында жеңіл автокөліктің шкафты газ реттегіш пунктіне соғылуы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға орнына қысқа мерзімде жеткен алғашқы өртке қарсы қызмет бөлімшелері өртті сөндіру мен конструкцияларды салқындату үшін дереу 2 жауынгерлік оқпанмен су атты. Газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіледі Өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, оның тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді. Газ-ауа қоспасының соққысы салдарынан жақын маңдағы жеке үйдің терезелері зақымданды. Хромтауда газ жарылды: 5 адамды күйік шалды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші өрт күшейгенге дейін автокөлік салонынан өз бетінше шығып үлгерген.
Соңғы жаңалықтар