Лондонның орталығында қасиетті Рамазан айының басталуына орай жарықшамдар жағылды. Әйгілі Coventry Street геометриялық пішіндегі арнайы шамдармен безендіріліп, көшеге «Рамазан құтты болсын!» деген жазу ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салтанатты шам жағу рәсіміне Лондон мэрі Садик Хан қатысқан. Аталған жоба «Азиз» қорының бастамасымен және Лондон муниципалитетімен бірлесіп жүзеге асырылған. Қаланың әйгілі Coventry Street көшесі геометриялық пішіндегі арнайы шамдармен безендіріліп, «Рамазан құтты болсын!» деген жазу ілінген.
Безендіру үшін 31 мың диодты шам пайдаланылған. Олар кешкі 17:00 – 01:00 аралығында 19 наурызға дейін жанып тұрады.
Еске салайық, биыл Ораза 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін жалғасады. Пітір садақа 735 теңге болып бекітілді.
2026 жылғы Ораза кестесі жарияланды