Атырауда бұрнағы күні басталып, толассыз жауған жаңбырдың соңы нөсерге ұласты. Табиғаттың бұл тосын мінезі кеше жұртшылықты әбден әбігерге салды. Қаладағы кейбір үйлерде электр жарығы өшіп, түске дейін қосылған жоқ. Мектептердегі сабақ уақытынан ерте таратылды. Ал қала көшелері суға толып, көліктер жүзіп жүргендей әсер қалдырды.
Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке қарағанда, 11 мамырда басталған нөсер жауынмен бірге ұйытқи соққан жел жылдамдығы 15-20 метр секундқа жеткен. Нөсер жауыннан жеке сектордағы 12 үйге суға кету қауіп төнген. Бұл дерек әлі де анықталу үстінде. Жинақталған жаңбыр суын сорып азайтуға арнаулы көліктер тартылуда. Жеке сектордағы 12 үйден 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.
Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.