• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 15:20

Испания Ұлттық балетінің әртісі Астанада шеберлік сағатын өткізді

0 рет
көрсетілді

Қазақ ұлттық хореография академиясында Испания Ұлттық балетінің әртісі әрі хореографы Карлос Ромеро классикалық испан биіне арналған шеберлік сағатын өткізді. Танымал биші Академияның хореография факультеті мен мектеп-колледж білім алушыларымен жұмыс істеп, испан би мектебінің қыр-сырымен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Шеберлік сабағында қонақ ұстаз испан хореографиялық мектебінің өзіндік стилін, музыкалық табиғаты мен қозғалыс пластикасының ерекшеліктерін кеңінен түсіндірді. Әрбір қимылдың мінезі, қол мен дене иірімдерінің нақышы, сахналық образ жасаудың тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Студенттер тек қозғалысты қайталап қана қоймай, испан биінің ішкі эмоциялық қуатын сезінуге тырысты.

Әкемтеатрдың айрықша жәдігерліктері

Қойылымның музыкалық негізі ретінде Морис Равель шығармалары таңдалды. Атап айтқанда, композитордың әйгілі «Boléro» туындысы мен «El sombrero de tres picos» балетіндегі «Las jotas» нөмірі қолданылды. Музыкалық материал әртүрлі жас ерекшеліктеріне сай бейімделіп, әр топтың мүмкіндігіне қарай сахналық композициялар жасалды. Соған қарамастан, испан хореографиялық мектебінің түпнұсқалық сипаты, көркемдік мәнері мен сахналық қуаты толық сақталды.

Заманауи технология театрға да жетті

Шеберлік сағаты Академияның халықаралық шығармашылық байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Мұндай тәжірибе студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың көркемдік көкжиегін кеңейтуге, ұлттық хореография саласындағы білімін тереңдетуге тың серпін берді. Испан би өнерінің темпераменті мен қазақ жастарының талпынысы тоғысқан бұл кездесу шығармашылық сабақтастықтың жарқын көрінісіне айналды.

Әуезов театрының жүз жылдық тарихынан сыр шертетін құнды деректер жарияланды

Соңғы жаңалықтар