• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 09:43

Жеті жылда Қазақстанда 1,3 мыңнан астам жаңа мектеп салынды

10 рет
көрсетілді

Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Премьер-министр Олжас Бектеновтың «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласы жарияланды. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері туралы жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы өз мақаласында мектеп инфрақұрылымындағы қор­даланған проблемаларды жою туралы сөз еткен. Оның айтуынша, кейінгі жеті жылда 1 300-ден астам жаңа мектеп салынды, апатты және үш ауысымды білім ошақтарының саны айтар­лық­тай азайып, материалдық-тех­ни­калық база жаңартылды.

«Прези­дент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясын­да ғана 2023 – 2025 жылдары бүкіл еліміз бойынша ең жоғары халықаралық стан­­дарт­тарға сәйкес келетін 217 мектеп салын­ды. TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне сәйкес, Қазақстан мұғалімдердің еңбек­ақы­­сымен қанағаттану деңгейі бойынша әлем елдерінің үздік бестігіне кірді. Егер 2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жетті. Еліміздегі педа­­­гогтердің 95%-ы өз жұмысына көңілі тола­тынын айтты», делінген мақалада.

Сондай-ақ мақалада мектепке дейінгі ұйымдар желісі де кеңейіп, олардың қатары 12 мыңға жеткені жазылған.

Оралда 79 балабақша мен 36 мектеп салынады

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады.

Елімізде 200-ден астам жаңа мектеп салынады

Соңғы жаңалықтар