• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 11:43

Түркия Иран азаматтарының елге кіруіне уақытша тыйым салды

10 рет
көрсетілді

Түркия ирандықтардың елге кіруін уақытша шектейтінін хабарлады. Бұл тыйым басқа елдердің азаматтарына қатысты қолданылмайды, деп жазады Egemen.kz.

Қазір Анкара мен Тегеран қалаларын байланыстыратын негізгі үш шекаралық өткізу бекеті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ресми деректерге сәйкес, соңғы бір тәулікте шекаралық өткізу бекеттері арқылы Түркия аумағына 350 көлік кірген. Олардың басым бөлігі – жүк көліктері. Түркия шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бақылау-өткізу бекеттерінде құжаттарды жіті тексеруге көшкен.

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы сайланды

«АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы шиеленіскен кезеңде Түркия мен Иран арасындағы шекара бекеттері туралы түрлі ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты кеден қызметтерінің ресми мәліметтеріне сүйене отырып Иран мен Түркия арасындағы шекаралық өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеймін. Иран азаматтарының Түркия аумағына кіруіне уақытша тыйым салынды. Түркия азаматтары мен басқа елдердің өкілдеріне шектеу жоқ. Сонымен қатар жүк тасымалы ешқандай кедергісіз жүзеге асырылып жатыр», дейді түркиялық заңгер Осман Айдын.

Ирандағы отандастарымыз қай елдер арқылы эвакуацияланады?

Соңғы жаңалықтар