• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2015

Атырауда нөсер салдарынан 500 адам қауіпсіз жерге көшірілді

231 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 13 мамыр. Атырауда толассыз жауған нөсерден кейін жеке сектордағы тұрғын үйлерден 500 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 11 мамырда түстен кейін басталған толассыз жауынның салдарынан Атырауда бірқатар келеңсіздіктер болғанын хабарлаған едік. Нөсер жаңбырдың салдары әсіресе, Атырау қаласы мен оған іргелес орналасқан елді мекендерде айрықша байқалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Марат Құрмановтың мәлім еткеніндей, Атырау қаласының жеке секторында орналасқан тұрғын үйлерге суға кету қаупі төнген. Нақтылай айтқанда, жаңбыр суы 42 жеке үй мен 252 аулаға кірген. Жеке сектордағы тұрғын үйлерден қауіпсіз жерге көшірілген адамдардың саны 500-ге жеткен. Бүгін Атырауда жаңбыр жауған жоқ. Бірақ ауа райы бұлтты әрі бұлыңғыр болып тұр. Синоптиктер апта соңына дейін тағы да жаңбыр жауатынын хабарлауда. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек:egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.