• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 00:02

Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

10 рет
көрсетілді

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты  Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Соның ішінде республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау, Ақтөбе – Орал, Самара – Шымкент (Қарабұтақ  елдімекеніне дейінгі аумағында), Ақтөбе – Қостанай (Қарабұтақтан Қостанай облысына дейін) тасжолдары мен  Мәртөк, Хромтау, Темір, Қарғалы аудандарына баратын жолдар қатты боранға байланысты уақытша жабылды. 

Сондай-ақ өткен түнде ауа температурасы 25 градусқа дейін  төмендеген кезде Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері  республикалық маңызы бар тасжолдарда кезекшілікке шықты. 

Түнде Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының тұсында Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған автобустың жағармайы қатты суықтан қатып, жолда тоқтап қалғанда, полиция қызметкерлері көмекке келді. Автобустағы 34 тәжік азаматын жақын жердегі кемпинге орналастырып, аяз бен боран басылғанша уақытша паналауға мүмкіндік жасады.

Дер кезінде құтқарылғандықтан, жолаушылардың ешқайсысының үсік шалуы тіркелген жоқ. Полиция департаменті жүргізушілерге алыс жолға шығар алдында ауа райының өзгерісіне қатысты хабарламаға назарға салуды ескертеді.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды. 

Соңғы жаңалықтар