ПЕТРОПАВЛ. 13 мамыр. Ресейдің Мәскеу қаласында жасөспірімдер мен қыздар арасында кекушинкай каратэден өткен VIII Еуропа ашық чемпионатына Солтүстік Қазақстан облысынан 9 спортшы қатысып, 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен оралды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Мәскеу төріне 14 елден 300-ге жуық жас каратэшілер жиналды. Олардың арасынан 40 кило салмаққа дейін сынға түскен Алишер Авдонин топ жарды. 55 кило салмақ дәрежесіне дейінгі жекпе-жекте Әділбек Молдағалиев те ешкімге дес бермеді.
Алтынбек Әнуарбеков (50 кг.) пен Родион Разумов (55 кг.) екінші орынды иеленді. 16-17 жас қыздар арасында күрескен Александра Жанғазина (55 кг.) үшінші орынды иеленді.
Өмір Есқали.
Дерек, суреттер: Солтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.