• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 18:55

2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы

110 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ

2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31, 33-баптарына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының ұсынған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды:

референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 482 613;

дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны - 9 127 192 немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы санының 73,12 пайызы;        

референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87,15 пайызы;

референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 898 099;

жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558.

Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі немесе 73,12 пайызы қатысқандықтан, «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген мәселе бойынша референдум өтті деп есептелсін.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оның оң шешімін жақтап дауыс бергендіктен,  республикалық референдумға дауыс беру үшін шығарылған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды деп есептелсін.

Қазақстан Республикасының

Орталық референдум комиссиясы

Қазақстан Республикасы

Орталық референдум комиссиясының

2026 жылғы 17 наурыздағы № 12/24

қаулысымен бекітілген

Соңғы жаңалықтар