• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2015

«Ислам мемлекеті» басшысының орынбасары қаза болды

289 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 мамыр. Халықаралық коалицияның Ирактың солтүстігінде жасаған әуе соққыларының нәтижесінде «Ислам мемлекеті» басшысының орынбасары Абу Аля Аль-Афари қаза болды. Бұл туралы lenta.ru хабарлады. «Барлау деректеріне сәйкес, коалиция күштері жүргізген әуе соққыларының мақсаты «Ислам мемлекеті» басшысының орынбасары Абу Аля Аль-Афаридің көзін жою болған», – деп мәлімдеді Ирак қорғаныс министрлігінің өкілі. BBC News хабарлағандай, әуе соққылары жасалып жатқан кезде Аль-Афари Талль-Афар қаласындағы мешітте болған. АҚШ әскерлері мен «Ислам мемлекеті» әзірге оның қаза болғаны жөніндегі хабарды растаған жоқ. Ал Ирак қорғаныс министрлігі Аль-Афаримен бірге тағы ондаған содырдың көзі жойылғанын мәлімдеді. Айдар Өрісбаев. Дерек: lenta.ru. Сурет: ap.org.