АСТАНА. 27 наурыз. Ақтөбе облысы Хромтау қаласында тұратын жас суретші Серіктай Марсель Art Dubai халықаралық көрмесіне қатысып, жұртшылықты өз өнерімен байрап алды. Бұл туралы vaktobe.kz хабарлады.
Халықаралық байқауда қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай топ-топқа бөлініп сайысқан. Ал Серіктай қазылапр алқасынының ұйғарымымен жалпы топта өз өнерін ұсынған.
Фестиваль-байқауда 2 кезең белгіленді. Онда бірінші кезең ұпай жүйесі бойынша бағаланған. Ал екінші кезеңде қатысушыларға бастапқы әсерлерін қағазға түсіру үшін 2 сағат уақыт бөлінген. Осы аралықта Марсель 2 картина салған. Оның шеберлігіне таңғалған Дубай шейхі суретші басланы өзіне қонаққа шақырған. Кейін шейх Серіктайға Марсельге екі тілдегі энциклопедияны сыйлаған.
Айта кетейік, көрмеге-байқауға қатысқан жас суретшілердің жол шығынына, жатын орнына және ас-ауқаьына кететін қаржыны шейхтің өзі төлепті. Бірақ оның есесіне өнерпаздар салған еңбектерді шейх алып қалады.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: vaktobe.kz.