• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:50

2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталды

40 рет
көрсетілді

TIME журналы әлемдегі ең ықпалды 100 адамның жыл сайынғы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл тізім 1999 жылдан бері қалыптасып келеді. Алғашында ол ХХ ғасырдың 100 көрнекті тұлғаларының тізімі ретінде ұсынылса, 2004 жылдан бастап жыл сайынғы әлемдегі ең ықпалды адамдар рейтингіне айналды.

2026 жылғы тізімге енген ең жас қатысушы – 20 жастағы мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Алиса Лю. Ол бір жыл ішінде әлем чемпионатының, Гран-при финалының және Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған. Ал ең егде қатысушы – 96 жастағы америкалық құқық қорғаушы, ауыл шаруашылығы жұмысшыларының құқықтарын қорғау қозғалысының жетекшісі Долорес Уэрта.

2026 жылғы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингі жарияланды

Рейтинг «Әртістер», «Пионерлер», «Титандар», «Иконалар», «Көшбасшылар» мен «Инноваторлар» секілді алты негізгі санат бойынша қалыптастырылған.

Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты

«Көшбасшылар» санатында әлемнің 25 саяси және қоғамдық қайраткері қамтылған. Олардың қатарында АҚШ президенті Дональд Трамп, Рим Папасы, Мексика президенті Клаудия Шейнбаум, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин бар. Си Цзиньпин бұл тізімге 14-рет еніп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген.

Нұрболат АМАНБЕК

 

Соңғы жаңалықтар