• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады

100 рет
көрсетілді

Елімізде білім жүйесіне жасанды интеллект құралдарын енгізу жөніндегі ұлттық жоба басталды. Бастама OpenAI компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Оның аясында 165 мың педагог білім беру мақсаттарына арнайы әзірленген ChatGPT-дің нұсқасы, яғни ChatGPT Edu жүйесіне қол жеткізе алады. Жобаның демеушісі − Freedom Holding Corp., ал технологиялық интеграция бойынша серіктесі – Bilim Group IT холдингі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Bilim Group баспасөз қызметінің хабарлауынша, Freedom Holding Corp. OpenAI компаниясымен жасалған келісімшарт аясында еліміздегі педагогтерге ChatGPT Edu-дің бір жылға арналған 165 мың лицензиясын сатып алған. Осы арқылы жоба білім саласына жасанды интеллектіні енгізу бойынша мемлекеттік деңгейде қолдау тапқан әлемдегі ең ірі бастамалардың біріне айналып отыр.

«ЖИ негізіндегі озық технологиялардың көмегімен әр адамның әлеуетін арттыруда білім саласының атқаратын рөлі орасан. Қазақстан мен OpenAI арасындағы серіктестік педагогтерге пайдалы құралдар ұсынып, практикалық қолдау мен оқуға деген қолжетімділікті арттыру арқылы ЖИ машықтарын меңгерудегі алшақтықты қалай еңсере алатынын көрсетті. Мұндай қадам бүкіл білім беру жүйесінің болашағына ұзақмерзімді ықпал етуге көмектеседі», дейді OpenAI өкілі Кевин Миллс.

ChatGPT Edu лицензиялары білім жүйесінің барлық деңгейінде, атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары мен Astana Hub арасында таратылады. Жоба Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрліктерінің қатысуымен жүзеге асып отыр. Жобаға қатысушылар үшін лицензиялар тегін ұсынылады, ал оларды іске қосу отандық BilimClass платформасы негізінде әзірленген ai.bilimclass.kz арнайы сервисі арқылы жүргізіледі.

Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн

«ChatGPT Edu – тек технологиялық құрал емес, Қазақстанның адами капиталына салынған инвестиция. Жобаның негізгі мақсаты − педагогтерге ЖИ мүмкіндіктерін меңгеруге және оны күнделікті жұмыста тиімді пайдалануға жағдай жасау. Технология педагогтердің жүктемесін азайтып, білім сапасын арттыруға және кәсіби деңгейін шыңдауға септігін тигізеді. Біз ұстаздарға ең маңызды іске − білім алушылармен жұмысқа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беретін тиімді құрал ұсынып отырмыз», деп атап өтті Bilim Group IT-холдингінің бас директоры Александр Савченко.

ChatGPT Edu – білім мекемелері үшін арнайы әзірленген ChatGPT нұсқасы. Бұл жүйе оқу орындарына жасанды интеллектінің озық мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады. Сонымен қатар деректердің қауіпсіздігі мен құпиялығын сақтап, жұмысты тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

ChatGPT Edu көмегімен педагогтер сабақ жоспарын әзірлеп, тапсырмалар мен тест сұрақтарын дайындауға, сонымен қатар оқу материалдарын әр білім алушының деңгейі мен қажеттілігіне қарай бейімдеуге мүмкіндік алады. Жоба нәтижесінде педагогтердің сабаққа дайындалуға, тапсырмаларды тексеруге, есеп беруге және басқа да бірізді жұмысқа кететін уақыты едәуір қысқармақ.

Smart Grid мен ЖИ-инженерлері: Елімізде жаңа мамандықтар пайда болады

Соңғы жаңалықтар