Кассациялық сот шешімімен Шымкент қаласының тұрғынына қатысты шартты жаза жойылып, мемлекет пайдасына миллиардтаған теңге өндірілді, деп жазады Egemen.kz.
Тергеу мәліметінше, айыпталушы мобильді қосымша арқылы қолжетімді покер клубы форматындағы онлайн-казино ұйымдастырған. Заңсыз қызмет нәтижесінде ол аса ірі мөлшерде кіріс тапқан.
20,9 млн теңге табыс: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Сарыағаш тұрғыны сотталды
Бірінші сатыдағы сот Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолданып, бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындаған. Алайда заңсыз алынған қаражатты тәркілеу мәселесі шешілмей қалған.
Бас прокуратураның наразылығы негізінде іс қайта қаралып, кассациялық сот шартты жазаны жойып, 4 жыл мерзімге нақты бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.
Мемлекет пайдасына онлайн-казинодан түскен 2,8 млрд теңге өндірілді.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған экс-шенеунік Түркиядан экстрадицияланды