Алматыда тағы бір ағаш құлау оқиғасы тіркелді.Бұл жолы Медеу ауданында орналасқан Бөгенбай батыр мен Бегалин көшелерінің қиылысында терек құлап, электр сымдары мен тұрақта тұрған көліктерге зақым келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі almatinec_live парақшасында жарияланды.
Медеу аудандық әкімдігінің мәліметінше, құлаған ағаштың диаметрі шамамен 90 сантиметр болған. Оның ішкі бөлігі кеуіп тұрғанымен, сырт көзге апатты белгілері байқалмаған.
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта аумақты тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.