• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2015

Білім мен тәрбие – егіз ұғым

817 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «2015 жыл – ұлт­тық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді баға­лау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз», деді. Президенттің осы сөзі ұстаз­дар қауымына үлкен жүк артары сөзсіз. Өйткені, қазақстандық патриотизмді, елдік рухты, ұлт­жандылықты, елдің тұғыр­лы­ғын,­ ұлтаралық келісім мен сыйлас­тықты жас буынның санасына сіңіру – әр ұстаздың міндеті, асыл парызы дер едік. Әрі зор жауапкершілік жүктейді. Жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оқытуда олардың сана-сезіміне отандық сүйіспеншілікті, елдік рухты, мекен еткен ортасын, ха­лық­тар арасындағы бірлік пен ынтымақты, сыйластық пен та­ғат­тылықты, жанашырлықты, ұлт­тық ұғымдарын алғаш ұғын­ды­ра­тын, түсіндіретін, ашық жол­ға тура, нақты жол сілтейтін, тұл­ға бойындағы ізгілік пен жақ­сылық қасиеттерін дарытатын, қалыптастыратын да – ұстаз. Жеке басыма Елбасының Ұлытау төріндегі сұхбат-сыры, Тәуелсіздік күніндегі Тәуелсіздік толғауы жан тебірентерлік әсер туғызды. Баршамызды Тәуел­сіз­діктің ұлы рухы жебеп, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, ертеңгі күнімізге сенімімізді нығайтады. Тәуелсіздік – жалпыға ортақ құндылық. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы өзім еңбек етіп жүрген Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды ба­лаларға мамандандырылған гим­назия-интернатының ­ұс­та­­­- ны­мы – осы мақсатта оқушы­лардың білімге, ғылыми ізде­ністерге құштарлығы, қасиетті қарашаңырақ 80 жыл ішінде ана тілін баланың бойына дарыту, оқушыларымыздың бойына елдік пен отандық, ұлтжандылық қасиеттерді сіңіруде ұжымның атқарар істері жетіп артылады. Білім ордасының аты республикаға жақсы танымал. Оның іргесінен еліне елеулі, халқына қалаулы талай азаматтар ұшып шығып, ғылым, білім көгінен інжу-мар­жан теріп жүр. Жалындаған жастар оларға қарап бой түзейді. Ұрпақтар арасындағы сабақтастық өз жалғасын тауып келеді. Оған оқушыларымыздың түрлі білім байқауларында ғылыми жобаларда, олимпиадаларда топ жарып, тегін оқу гранттарын иеленуін, шетелдерде тәжірибе алмасуларын айтар едік. Көздерінде от ойнап, жүрегі жалын атқан жастар еліне, Отанына мысқалдай пайда тигізіп жатса, оқу-тоқудың соңғы жаңалықтарымен қаруланып, әлем­дік биіктерге ұмтылып жат­­- са – еңбектің жанғаны, тәрбиенің өтелгені. Елбасы айт­қан­дай, бола­шақ – жастардың қо­лында. Ел тағдырын оларға сеніп тапсырсақ, келешегіміздің жарқын, болаша­ғымыздың кемел болары анық. Әр баланың мінез-құлқы, қа­бі­лет-қарымы ата-ана мен ұс­таз­ға жақсы аян. Соған орай іс-әрекет етіп, тәрбие жайына­ үлкен жауапкершілікпен қарай­тын болсақ, Мәңгілік Елге бет алған ұлы жолда бірлік пен ынты­мағымыз нығайып, бағындырар белестерден көріне береріміз сөзсіз. Мәңгілік Ел – әр қазақстан­дықтың қасиетті де киелі ұраны бол­ғай деймін.  Әлия БАҚТЫБАЕВА, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған  гимназия-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Петропавл.