Ақмола облысы полицейлері шамамен 20 жыл бұрын жасалған ақша ұрлығының бетін ашты. Ұрлық 2007 жылы оқиға орнынан алынған саусақ іздері арқылы әшкере болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс 2007 жылдың қараша айында Атбасар қаласында болған. Белгісіз адам шаруа қожалығы иесінің гаражда тұрған көлігінен 300 мың теңге ұрлап кеткен. Ол кезде бұл қомақты қаражат саналған.
Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенімен, күдіктіні сол кезде анықтау мүмкін болмаған. Алайда криминалистер оқиға орнын мұқият тексеріп, саусақ іздерін алып, арнайы базаға сақтап қойған.
Көп жыл бойы қылмыс ашылмай келген. Тек биыл көктемде атбасарлық жедел уәкілдер күдіктінің ізіне қайта түскен. Жергілікті тұрғын есірткі қылмысына қатысты тергеу барысында полицияның назарына іліккен.
Алматыда ер адам мешітте намаз уақытында ұрлық жасаған
Тергеу кезінде ер адамның саусақ іздері алынып, криминалистикалық есеппен салыстырылған. Нәтижесінде олар 19 жыл бұрынғы ұрлық орнынан табылған іздермен толық сәйкес келген.
Қазір күдіктінің аталған қылмысқа қатысы бары анықталып, ер адам кінәсін мойындаған. Полиция өкілдері ескі қылмыстарды ашу және жазаның бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету ерекше бақылауда екенін атап өтті.
Еске салайық, Қарағанды облысында ұрлық,бопсалау,алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.
Француздық режиссер Ромен Гаврас «ғасыр ұрлығы» деп аталған Луврдағы атышулы ұрлық туралы фильм түсіреді.