• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 20:20

Еуроодақ  мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе?

Еуроодақ баспана беру туралы өтініші қанағаттандырылмаған мигранттар үшін арнайы орталықтар құру жөнінде одақтан тыс бірқатар елдермен келіссөздер бастауы мүмкін. Ықтимал серіктестер қатарында Қазақстан да бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Politico басылымының жазуынша, ЕО елдерінің бір тобы одақтан тыс 8-10 мемлекетке «қайтару орталықтарын» (return hubs) құру туралы ұсыныспен жүгінуге дайындалып жатыр. Бұл орталықтарға баспана беру туралы өтініші қабылданбаған мигранттар жіберілетін болады.

Еуропалық дипломаттардың бірі ықтимал серіктестер ретінде Қазақстан мен Өзбекстанды атаған. Алайда әзірге бұл бойынша ешқандай ресми келісімдер немесе нақты келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ.

Бұл бастама ЕО-ның миграцияны қайтару жөніндегі жаңа регламентін талқылау аясында қарастырылуда. Еуропа елдерінің басшылары миграциялық саясатты қатаңдатуға және ЕО аумағында болу құқығын алмаған шетел азаматтарын көбірек депортациялауға ұмтылып отыр.

Соңғы жаңалықтар