Павлодар облысында ауыл маңында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім көз жұмды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Lada-21214 автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі кюветке аударылған. Жол апаты кезінде көлікте болған кәмелетке толмаған жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылған.
Шығыс Қазақстанда велосипедшілер тобын көлік қағып кетті
Павлодар облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қауіпсіздік талаптарын назардан тыс қалдырмауға шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласында Toyota RAV4 көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кеткен еді. Кейіннен елордалық полицейлер жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушінің анықталғанын хабарлады.